447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ауыл шаруашылығын несиелеу неге тиімсіз

  • 323
  • UPD: 16:07, 28.02.2020

Ауыл шаруашылығы өндірісін қаржыландыру банктер үшін тиімсіз болып барады.

Бұл туралы агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесіне арналған Парламенттік тыңдауда белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2019 жылы екінші деңгейлі банктердің саланы несиелендіру үлесі тек 3,5 процентті құраған. Алдынғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,5 процентке төмендегенін аңғартады. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутованың мәліметі бойынша, бұған ауыл шаруашылығы банктер алдындағы заемщиктерінің өтелмеген қарызы себеп. Сол себепті агроөнеркәсіп өндірісін тиімді қаржыландыру үшін несие мен субсидия бөлудің механизмін жаңғырту керек. Сондай-ақ «ҚазАгро» холдингінің тікелей қаржыландыру бойынша қызметін қайта қарастыру керек. Парламенттік тыңдауда бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз өткізу, маман тапшылығы мәселесін шешу, импорттық тәуелділіктен арылу сынды бірқатар мәселе талқыланды. Сенат төрағасы өз кезегінде саладағы түйткілдерді шешу халықтың 42 процентін құраушы ауыл тұрғындарының өмір сапасына ықпал ететінін атап өтті. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімінің үлесі он жылдың ішінде 5 пайыздан асқан жоқ. Ал соңғы жылдары тұрақты түрде төмендеп келе жатыр. Көбіне кестелер мен сандардың артында адамдардың нақты проблемаларының тұрғанын көре бермейміз. Біз саланың әлеуметтік өлшеміне назар аудару керекпіз.

Хабар 24 телеарнасы