443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлік басқару құқығынан айырылған ақтөбелік жол апатына себепкер болды

  • 119
  • UPD: 17:35, 28.02.2020
Көлік басқару құқығынан айырылған ақтөбелік жол апатына себепкер болды Алматы.тв

28 ақпанда сағат 03:00 шамасында Сәңкібай батыр даңғылы мен М.Шоқай көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.

«Ваз-21093» автокөлігінің жүргізушісі жолдың тайғақ учаскесінде жол-метеорологиялық жағдайын ескермей, екі автокөлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Ақтөбе облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Анықталғандай, медициналық тексерістен өту кезінде жүргізуші мас күйінде көлік басқарған. Сонымен қатар ол бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясына сәйкес, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына көлік жүргізу куәлігінен айыру көзделген.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы заң күшіне енгенін еске салады.

Заң күшіне енген сәттен бастап Ақтөбе облысында мас күйінде көлік құралын басқару бойынша 27 факті тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы