423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтандағы ана мен бала орталығына хирургиялық жабдық тарту етілді

  • 1033
  • UPD: 09:01, 03.03.2020
Нұр-Сұлтандағы ана мен бала орталығына хирургиялық жабдық тарту етілді

Ана мен бала денсаулығы орталығына құны 10 млн теңгеден асатын арнайы рентген-хирургиялық үстел тарту етілді. Жабдық медициналық тексеріс кезінде емделуші балалардың қозғалуына салмақ түсірмей 360 градусқа айналады.

«Асыл бала» қоғамдық қоры әмбебап үстелді былтыр қайырымдылық акциялардан түскен қаражатқа сатып алған. Аппаратурамен қатар ортопедиялық және омыртқалы хирургияны қамтитын қолтықты рентгендік құрылғыны қолдана отырып, диагностикалық және терапевтік процедуралардың кең ауқымын жүргізуге болады. Игі іс өткен жылы қазан айында БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісінің жұбайы Хитоми Шимомура ханымның бастамасымен қолға алынған болатын. Шара соңында орталықтың онкология бөліміндегі балалар бейнелеу өнері байқауында 4 номинация бойынша марапатталды. Ал Ақмола облысының Щучье қаласындағы №9 мектеп-гимназиясының Кәусар есімді 6-сынып оқушысына лимфобласты лейкоз диагнозынан толық айығуы үшін «Асыл бала» қоғамдық орталығы қолдау көрсетуге ниетті. 

Болат Нағыманов, Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының бөлім меңгерушісі:

- Біздің бөлімше сол жаңағы үлкен операциялық стол алып жатыр өзінің еншісіне. Себебі бұл стол біздің қазіргі заманымызға сай техникалық жағынан болса да, өзінің көрсеткіштеріне байланысты біздің жасайтын операциямызға сайма-сай. Осы столды алу үшін «Асыл бала» қоғамдық қоры өте көп еңбек еткен. Солардың көмегі ретінде спонсорлар көмек көрсетіп бізге осы столды алып беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы