423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде қазақ жауынгерлеріне тағзым етілді

  • 310
  • UPD: 14:20, 05.03.2020

Жеңістің 75 жылдығына орай Ресейдің Тверск облысындағы Хорошево ауылында кеңес жауынгеріне ескерткіш ашылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешенді осы елдегі дипломатиялық өкілдігіміздің басшысы Ермек Көшербаев барып көрді. Сапар барысында елшілік делегациясы Ржев қаласын неміс басқыншыларынан азат етуге 77 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты. Оның барысында елші Ермек Көшербаев 100 және 101-атқыштар бригадасының құрамында соғысқан қазақстандық жауынгерлерге тағзым етіп, ескерткішке гүл шоғын қойды.

Айта кетейік, бұл қос бригада 1942-1943 жылдары Ржев қаласын жаудан қорғап, қанды шайқаста өзінің жеке құрамының 80 процентінен айырылды.

Ермек Көшербаев, ҚР-ның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

– Жеңіс күні - әр қазақстандық үшін маңызды әрі елімізде ең жоғары деңгейде аталып өтетін мейрам. Біз бұрынғы Кеңестер одағы құрамындағы елдер неміс басқыншыларымен күресте жанын пида еткен азаматтарымызды мәңгі есте сақтауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы