443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда Ұлттық кеңестің аймақтық аспектілері талқыланды

  • 164
  • UPD: 15:05, 05.03.2020
Түркістанда Ұлттық кеңестің аймақтық аспектілері талқыланды

Елді әлеуметтік жаңғырту - қазақстандық патриотизмді дамытудың негізгі құралы.

Түркістан қаласында өткен «Ұлттық кеңестің аймақтық аспектілері. Мақсаты. Бағыты. Шешу жолдары» атты дөңгелек үстелде осы жайттар талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни бейбіт минтингілер өткізу туралы заң жобасы, қоғамдық институттарды одан әрі дамыту, қазақстандық өзін-өзі сезіну және өңірлік контексте елді әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелері туралы мамандар ой тарқатты. Қатысушылар өңірлерде сараптамалық талқылаулар өткізудің маңыздылығына тоқталды. Олар қоғамның барлық топтарының қатысуынсыз және жергілікті халықтың пікірін сондай-ақ өңірлердің ерекшелігін ескермей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдаманы толық түсініп, сапалы жүзеге асыру мүмкін еместігін атап өтті.

Ерлан Саиров, Еуразиялық интеграция институтының директоры:

– Біздің жастарымызды қазақстандық патриотизм тұрғысынан және қазақстандық өзін-өзі сезіну мәселелерін жастармен талқылау. Бүгінгі күні аймақтарда өзін-өзі сезіну, қазақстандық патриотизм мәселесі өзекті болып келе жатыр. Түркістан жұртшылығымен осы екі мәселені жан-жақты талқылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы