411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді 14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу міндеттелмейді

  • 261
  • UPD: 23:25, 05.03.2020
Енді 14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу міндеттелмейді

Бұдан былай 14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу міндетті емес.

Ішкі көші-қон заңнамасындағы өзгерістерге сай енді балалар 14 жастан асқаннан кейін ғана тұрғылықты немесе уақытша мекен жайы бойынша тіркеуге алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жаңа тәртіп қағазбастылықты азайтады», дейді жауапты мамандар.

Нұрбек нұрахметоВ, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы:

- Бұл өзгерістер мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдардың арасындағы ақпараттық жүйе дамыған сайын осындай жаңашылдықтар енгізіледі. Бұл қолайлы болады деп ойлаймыз азаматтарға. Себебі азаматтар ата-аналарға өздерінің балаларын балабақшаға, мектепке беру үшін, тағы да жәрдемақы алу үшін бұрынғыдай ХҚКО басқа жерлерге жүгіруі, қосымша жұмыстар азаяды деп санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы