423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 64 келіден астам қияр жойылды

  • 1359
Шымкентте 64 келіден астам қияр жойылды

Көкөністен батыс гүл трипсі зиянкесі табылғандеп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың мәлімдеуінше, кәсіпкер оны Ираннан тасымалдап, қалаға кіргізбек болыпты. Алайда кеден бекетіндегі бақылау, қадағалау шаралары кезінде өнім сапасы күдік тудырып, бірден карантиндік зертханаға жіберілген. Нәтижесінде болжам расталды. Осылайша, бизнес иесіне 79 530 теңге айыппұл салынды. Ал қауіпті көкөніс көму әдісі арқылы толық жойылды. Енді шаһардағы барлық сауда орындарында қауіпсіздік күшейтілді.

Ибрагим Бекасылов, қала бойынша аумақтық инспекцияның басшысы:

– Батыс гүл трипсі аса қауіпті зиянкес, ол таралған жағдайда өсімдік өнімдерінің 300 түріне зиян келтіреді, алдын алу мақсатындағы шараларды атқарып жатырмыз. Шымкент қаласы аумағындағы жылыжайлар, ашық топырақтағы өсімдік өнімдеріне 70 процент залалын келтіреді, осы нәтижелерге қарсы жою жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы