430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус жұқтырған екі науқас Алматыдағы инфекциялық госпитальде жатыр

  • 548
  • UPD: 19:45, 13.03.2020
Коронавирус жұқтырған екі науқас Алматыдағы инфекциялық госпитальде жатыр

Коронавирус кеселін жұқтырған екі науқас қазір Алматыдағы инфекциялық госпитальда жатыр. Олар 1974 және 1984 жылы туған.

Кеше Германиядан ұшып келген ұшақтың экипажы қазір осы емдеу нысанындағы жеке боксқа орналастырылды. Әуе көлігінде  68 адам болған. Оның төртеуі басқа мемлекетке ұшып кеткен. Жалпы Алматыда 466 адам карантинге алынған. Жолаушылардың дені қазақстандықтар. Олар ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран және Италиядан келген.

Хабар 24 телеарнасы