423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда бірнеше адам үй карантиніне жатқызылды

  • 787
  • UPD: 16:47, 16.03.2020

Маңғыстау облысында да коронавирус дертіне қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық қоғамдық көліктер дезинфекцияланып жатыр. «Мұның бәрі аталған инфекцияның таралуын болдырмау үшін жасалып жатыр», - дейді мамандар.

Ақтауда бірнеше адам үйге карантинге жатқызылыпты. Олардың жағдайы қалай?

Гүлмира Әбішева, тілші:

- Жоқ қоғамдық көліктер күнделікті тәртібі бойынша жұмыстарын жалғастырады. Мамандар тазалық жұмыстарының көп уақыт алмайтынын айтуда. Жалпы Ақтауда 6 бағыт бойынша 74 автобус жолаушыларды тасиды. Міне, осы көліктердің барлығына әр 2 сағат сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы қорғаныш костюмдерін киген мамандар жарты сағат ішінде тазалап шығады. Дезинфекциялауға жавель, хлор препараттары қолданылып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы автопарк иелерінің қаражатына жасалады.

Осыдан екі күн бұрын «Испания – Италия – Франция» бағыты бойынша саяхаттан келген 3 әйел бірден үйлеріне оқшауланды. Сонымен қатар Испания мен Польшадан екі студент оралды. Бір ер жігіт пен бір қыз. Олар да үйлерінде карантинде жатыр. Ақтаудың бас эпидемиологына сөз берсек.

Асима Жұмабайқызы, қалалық тауар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

Франция мен Испания қазір коронавирус инфекциясы тараған қауіптілігі жағынан 1 Б санаттағы мемлекеттер. Сондықтан да олар үй бақылауында болады. Үйден тысқары жерге шығуға болмайтынын ескерттік. Оларға бекітілген медициналық мекемелер күнделікті қадағалап, денсаулықтарын тексеріп отыр. Егер қандай да бір өзгеріс байқалып жатса, бірден ауруханаға оқшаулаймыз.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы