448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда бетперде өндірісі қолға алынды

  • 106
  • UPD: 09:32, 17.03.2020
Көкшетауда бетперде өндірісі қолға алынды

Әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты Көкшетауда бетперде тігіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада бұрын-соңды болмаған мұндай кәсіпті жергілікті зауыттардың бірі қолға алған. Кәсіпорын әзірге тәулігіне 4 мың дана маска шығарады. Дайын өнім алдымен өз жұмысшыларына таратылса, онан соң шаһардағы ірі өнеркәсіп ошақтары мен әлеуметтік нысандарды қамтамасыз етпек. Ал келешекте сауда сөрелеріне де шығуы мүмкін. Жалпы аталған маска көп мәрте қолдануға арналған. Тек оның арасына салынатын дәкені жиі ауыстырып отыру қажет. Айта кетейік, Көкшетауда да қазір бетперде тапшылығы байқалады.

Саян Боташов, кәсіпорынның инженері:

– Енді болашақта күніне 10 мыңға дейін маска тігуге мүмкіндігіміз бар. Керек болса, 2-3 сменамен шығаруға болады адамдарды. Сол 10 мың маскадан тігуге болады бір күнде.

Хабар 24 телеарнасы