424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шұғыл мемлекеттік сатып алулар мерзімі қысқартылады – Қаржы министрі

  • 428
  • UPD: 14:40, 17.03.2020
Шұғыл мемлекеттік сатып алулар мерзімі қысқартылады – Қаржы министрі inbusiness.kz

Дағдарыс жағдайында мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін ең алдымен отандық тауар өндірушілер тізімі жасалмақ. Бұл мемлекеттік сатып алуларды жедел және жеңілдетілген түрде жүргізуге сеп болады деді Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Айта кетерлігі, аталмыш шара отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қолға алынған. Министрдің айтуынша, бұл жұмыс істеп тұрған бизнесті ғана қолдап қоймай, жаңа өндірістерді ашуға ынталандырады. Сонымен қатар министр дағдарыс кезеңінде шұғыл түрдегі мемлекеттік сатып алулардың мерзімі қысқаратынына да тоқталды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қаржы министрі:

– Дағдарыс жағдайында Үкіметке тез әрекет ету керек. Мысалы, маска немесе қорғау құралдарын шұғыл сатып алу, аурахана салу және тағы басқа. Бұл ретте конкурстық рәсімдер 60 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу үшін тауарларды, қызметтерді және жекелеген өнім берушілерді айқындайтын өкілеттіліктер берілетін болады. Бұл ретте ірі және маңызды сатып алулар ҚР Президентімен келісілетін болады. Барлық қалған сатып алулар белгіленген тәртіппен іске асырылады.

Хабар 24 телеарнасы