413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Будапештте қазақстандықтан коронавирус анықталды

  • 547
  • UPD: 20:31, 17.03.2020
Будапештте қазақстандықтан коронавирус анықталды

Мажарстанның Будапешт қаласында коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы емделіп жатыр.

«2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделуде.

«Аталған жағдай біздің дипломаттарымыздың ерекше бақылауында», - делінген.

Хабар 24 телеарнасы