428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

  • 1164
  • UPD: 18:08, 17.03.2020
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз түнгі сағат 00:00-ден бастап карантин енгізіледі.

Карантиннің басты мақсаты – коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату. Осыған орай Алматы әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады.

«Құрметті алматылықтар, біздің әрқайсымыз үшін аса жауапты сәт туды. Карантин режиміне орай мегаполистің бүкіл тіршілігі жаңа ереженің талаптарына сәйкес қайта құрылады. Карантин қолайсыздық тудырып, әдеттегі қалыптасқан тіршілік дағдысын бұзуға мәжбүр етеді. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Карантин – біздің ортақ қауіпсіздігіміз. Қаланың, жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Төтенше жағдайда әрбір қала тұрғынының саналы әрекеті мен қоғамдық тәртібі өте маңызды. Біздің ұстамдылығымыз бен ынтымақтастығымыз, өзара жанашырлығымыз бен төтенше жағдай кезіндегі жауапкершілігіміз қаламызды қорғап қалады. Біз бірге жеңеміз!», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Карантин кезіндегі негізгі шараларды айтып өтті:

– мегаполисте өзін-өзі оқшаулау және үй карантині арқылы эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды жүргізу;

– көшелерді, тратуарларды жуу және дезинфекциялау;

– қоғамдық орындар мен тұрғын үйлерде санитарлық-эпидемиялогиялық дезинфекцияны күшейту;

– азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуын шектеу;

– Алматы қаласына кіре берістерге 27 блок бекеттерін орнату.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғана адамдар саны 32-ге жетті. Осы орайда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты.

Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 3 адам анықталған болатын.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың арасында екі жасар бүлдіршін де бар.

Бұған дейін 15 наурызда Ыстамбұл рейсімен келген бойжеткеннен коронавирус анықталғанын мәлімдегенбіз. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұма намазға қатысты үндеу жариялады

Төтенше жағдай кезінде елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді

Қолма-қол ақша коронавирус тасымалдауы мүмкін – мамандар

Ірі сауда нысандары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгереді

Хабар 24 телеарнасы