423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төтенше жағдай кезінде ҚР шекарасынан кімдер шыға алады?

  • 417
  • UPD: 19:47, 17.03.2020
Төтенше жағдай кезінде ҚР шекарасынан кімдер шыға алады?

Төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік шекарадан кіріп-шығуға шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ белгілі бір санаттағы азаматтарға шығуға рұқсат беріледі. Мысалы, шетелге ем алу үшін баратын қазақстандықтар қолында тиісті құжаттары болса кете алады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады. Атап өтсек, науқастың қолында дәрігерлік комиссияның қорытындысы және шетелдік медициналық мекемеден шақырту болуы шарт. Сонымен қатар өзге елде азаматтығы бар азаматтар және Қазақстан Республикасының ресми делегация мүшелері де шекарадан шыға алады. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаған, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілеріне мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат берілген. Бірақ олардың қолында шетелдік паспорты болуы шарт.

Хабар 24 телеарнасы