443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 7 адам карантинде жатыр

  • 584
  • UPD: 10:54, 18.03.2020
Ақтөбе облысында 7 адам карантинде жатыр

Ақтөбе облысында қатерлі індетті жұқтырған адам тіркелмеген. Дегенмен, 7 азамат медициналық стационарға жатқызылып, дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Мамандардың айтуынша, екеуі де бір отбасының мүшелері.

Бірақ әзірге қауіпті дерттің белгілері анықтала қоймаған. Жалпы медицина мекемелеріне жеткізілгендердің барлығы да індет тараған батыс Европа елдері мен Оңтүстік Корея тіпті, АҚШ -тан келген. Тағы 60-тан астам адамға үйлерінен шықпауға кеңес беріліпті. Бүгінде, шет мемлекеттерден келген азаматтардың барлығын тексеру тұрақты жолға қойылды. Әуежай мен теміржол вокзалында және Ресейге өтетін Жайсаң, Әлімбет шекара бекеттерінде санитарлық бақылау күшейтілген. Билік өкілдері қолға алған жұмыстары туралы күн сайын көпшілікті хабардар етіп келеді. Ал алдын алу шараларын күшейткен мамандар, науқас анықталса, ем көрсетуге дайынбыз деп отыр.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жалпы бізде науқастар тіркелген уақытта, оларға медтциналық қызмет көрсететін керует қоры дайын. 130 инфекциялық госпиталымыз бар, 200 провизорлық, 500 обсервасорлық кереуеттер бар. Дәрі-дәрмектер қоры жинақталды. Егер науқастар болып жатса, оларға ем көрсетуг.е мүмкіншіліктер бар. Медициналық қызметкерлер осы короновирустан сақтану және ем қызметін көрсету бойынша толық біліктіліктерін арттырып, оқудан өткізілді.

Хабар 24 телеарнасы