410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID 2019: Президент әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын аударды

  • 181
  • UPD: 20:10, 18.03.2020
COVID 2019: Президент әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын аударды

Президент әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Аударылған қаражат елорда мен Алматы қалаларының пандемия салдарын өз бастарынан өткерген тұрғындарға беріледі. Сонымен қатар жиналған қаржы коронавирусқа қарсы күреске атсалысып жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыруға да жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы