428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысының дәрігерлері науқастарға онлайн кеңес беруге көшеді

  • 296
Ақмола облысының дәрігерлері науқастарға онлайн кеңес беруге көшеді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді.

Оның айтуынша, саланы цифрландыруға бағытталған бұл шара облыс орталығындағы білікті мамандарға аудан-ауылдардан келетін тұрғындар үшін жасалып отыр.

Қазір жүйенің кейбір мәселелері IT-мамандарымен пысықталып жатыр. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу жағы да қарастырылып жатқан көрінеді. Мұндай мүмкіндік алдымен әкімшілік бөліктегі мамандарға беріледі. Ал, емдеу мекемелеріндегі дәрігерлер үшін халықпен қарым-қатынас мүмкіндігінше шектеледі.

Айта кетейік, Ақмола облысында қауіпті вирусқа байланысты жағдай бірқалыпты. Стационарлық карантинде қазір 31 адам жатыр. Олардың 16-сында ауру белгілері анықталған жоқ. Ал, қалғандарының сараптама қорытындысы әлі шыққан жоқ.

Сүлен Ілиясов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Үй карантинінде бізде 34 адам отыр. Олардың барлығы бақылауға алынған. Тек кеше түнде Мәскеуден Атбасарға қыдырып келген бір отбасының үй жағдайында оқшауланатын жағдайы болмаған соң екі ересек адам мен бір баланы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқыздық.

Хабар 24 телеарнасы