447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік оқушы медициналық масканы тегін таратып жүр

  • 84
  • UPD: 22:41, 19.03.2020
Ақтөбелік оқушы медициналық масканы тегін таратып жүр

Ақтөбелік мектеп оқушысы қауіпті дерттен сақтануда көпшілікке көмектесіп жүр. Ол қала көшелері мен қоғамдық орындарда медициналық бетперлерді тегін таратуда.

Әділет Амангелдиевтің мұндай әрекетін көрген жерлестері оған алғыстарын жаудырып жатыр. Ал өзі масканы жиған-терген азын-аулақ ақшасына сатып алған. Танымал ақындардың өлеңдерін жатқа оқитын жасөспірім бұған дейін де түрлі шаралар ұйымдастырып, түскен қаражатты жағдайы нашар отбасыларға берген. Бұл жолғы бастамасына достары да қосылуды ұйғарыпты. Ал қарындасы енді үйде отырып, бетперде тігуді қолға алған. 

Әділет Амангелдиев, оқушы:

- Ақтөбе қаласында көлікте көп адам маскасыз жүргендіктен, қолдан тігілген адамдардан сатып алып, қайырымдылық ретінде тараттым. Бір адамға бесеу бердім, кейбіреуі енді қызына сұрап жатыр, күйеуіне, жосдастыра, жолдастарына сұрап жатыр. Қанша сұрады, сонша беріп отырдым.

Хабар 24 телеарнасы