435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әуежайында тәртіптік бақылау күшейтіледі

  • 130
  • UPD: 16:12, 20.03.2020

Алматы қаласының әуежайында да тәртіптік бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі сағат сайын ғимаратта санитарлық тазалық өткізіледі. Қосымша екі өткізу бекеті қойылды. 19 наурыздан бері ішкі және халықаралық 205 рейс әуежайға келіп, кеткен. Ал 22 наурыздан бастап барлық бағыт бойынша ұшып-қону мүлдем тоқтатылады. Ішкі барыс-келіс тоқтатылғанымен, жүк тиелген ұшақтар мен өзге мемлекеттерден келетін ел азаматтарын қабылдауға рұқсат етіледі.  

Азизжан Якупов, Алматы әуежайындағы полиция бөлімшесінің аға инспекторы:

– Карантин орнатылғандықтан, әуежайда ұшақ билетін ауыстыруға келушілер арасында алаңдаушылық туындады. Басқа қалаға барушылар үйлеріне дер кезінде жете алмаймыз деп уайымдайды. Дегенмен біз барлығын сабырға шақырамыз. Әзірге әуежай бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді. Ішкі рейспен келіп-кетушілерге Алматы әуежайы жабылатындығын ескертіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы