448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда тілшілер қауымы Наурыз мейрамын ерекше атап өтті

  • 97
  • UPD: 18:04, 20.03.2020
Оралда тілшілер қауымы Наурыз мейрамын ерекше атап өтті Zakon.kz

Оралдағы ғасырлық тарихы бар облыстық газеттің ұжымы Наурыз мерекесін елде қалыптасқан жағдайға байланысты ерекше атап өтуді ұйғарыпты.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында газеттің бас редакторы өз қолымен өсірген гүлді ісмерлігімен танылған тілші Ләззат Шағатайға табыстады. «Сыйға сый, сыраға бал» демекші, шебер тілші де қарап қалмай, әріптестеріне арнайы медициналық матадан өз қолымен жасаған 20 бетпердені тарту етті. Тәртіптің сақталуы баршаға ортақ талап. «Сондықтан жылдағыдай топ болып тойлаудан, әрине, бас тарттық, – дейді ұжым мүшелері.

Ләззат Шағатай, тілші:

– Отбасымызға аман-сау, ешқандай вирус жұқтырмай бару үшін бізге маска өте қажет. Өкінішке қарай, барлық аптекаларда бұл тапшы. Сондықтан бұл тапшылықтың алдын алуға кішкене болсын үлесімді қосу үшін үйден осылай шағындап алып келдім. 

Бауыржан Ғұбайдуллин, облыстық газеттің бас редакторы:

– Сол айтқан күні гүлді тамырландыруға кірістік. Көп ұзамай гүл тамырланып, құмыра алып, құты алып отырғыздық. Әрі қарай уақтылы баптап, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында үзілген гүлді емес, өз қолымызбен өсірген гүлдерімізді бір-бірімізге тарту етіп мереке қарсаңында үлкен қуаныш сыйладық.

Хабар 24 телеарнасы