443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тіркеуі жоқ адамдар бекеттен кері қайтуға мәжбүр болып жатыр

  • 173
  • UPD: 18:33, 20.03.2020
Елордада тіркеуі жоқ адамдар бекеттен кері қайтуға мәжбүр болып жатыр

Елордадағы өткізу-бақылау бекеттеріндегі қарбалас. Қалада тіркеуі жоқ адамдар бекеттен кері қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан сол маңда ұзын-сонар кептелістер орнады.

Елордадағы өткізу-бақылау бекеттерінде таң сәреден осындай жағдай. Өйткені бүгіннен бастап қалада тіркеуі жоқ тұрғындар арнайы кедергілерден ары аса алмайды. Тек азық-түлік таситын, газбен жабдықтайтын және комуналдық қызметтерге қатысы бар көліктер ғана өткізіледі. Оның өзінде мемлекеттік нөмірі, байланыс телефоны және жеке басқа қатысты өзге де мәліметтер жазып алынады. Осының салдарынан қалаға кіреберісте ұзын-сонар кептеліс орнады.

Аслан Қаженов, тілші:

Дәл осы бақылау-өткізу бекетіндегі жұмыс қарқынын байқап көрейік. Яғни, 1 көлікті полиция қызметкерлері қанша уақыт ұстайды екен? Мәселен, міне, сұр түсті месір тұлпар жақындап келе жатыр және уақыт кетті... Тура 1 минут 5 секунд. Орташа уақыт көрсеткіші осындай. Ал, кезекті жүздеген көліктің тұрғанын ескерсек, жүргізушілер жүйкесінің сыр беруін түсінуге болатын сияқты.

Қалыптасқан жағдай күшейтілген тәртіпке көшкен полиция қызметкерлеріне де, сағаттап кезекте тұрған көлік жүргізушілеріне де оңай тиген жоқ. Тіпті кейбірі шыдай алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, жол ережелерін өрескел бұзып жатты.

Ербол Мағзұм, жүргізуші:

Қалаға тауар апара жатырмын. Күнде таңертең базарға өзіміздің өнімді жеткіземіз. Бізді таңертең ерте жібермесе қиын болады. Несиеміз бар. Жоғары биліктен көмек сұраймыз.

Елорда маңында дәл осылай қазір 7 өткізу-бақалау бекеті жұмыс жасап тұр. Ертеңнен бастап, яғни, наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні тәртіп тіпкен күшейе түсетінін ескертеді жауапты мамандар.

Авторлары: Аслан Қаженов, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы