411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үздіксіз жұмыс істеуі тиіс нысандар да күн сайын зарарсыздандырылуы тиіс

  • 185
  • UPD: 18:46, 20.03.2020
Үздіксіз жұмыс істеуі тиіс нысандар да күн сайын зарарсыздандырылуы тиіс

Зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін елорда 7 бөлікке бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай Қарулы күштердің арнайы жасағы әр секторда күн сайын тиісті дезинфекциялық шараларды жүргізеді. Оның ішінде карантин жағдайында үздіксіз жұмыс істеуі тиіс нысандар да күн сайын зарарсыздандырылуы тиіс. Мәселен, 4-ші секторға қарасты дүкендер, ауруханалар және өзге де әкімшілік нысандардың сыртына арнайы дезинфекциялық сұйықтық күнделікті шашылады.

Дмитрий Ефимов, 68/665 Әскери бөлімі химиялық-биологиялық қорғаныс қызметінің басшысы:

- Біз негізінен сыртта адам көп жүретін орындарды залалсыздандырамыз. Яғни, нысандардың өткізу бекеттерін, кіреберісін, қоғамдық шылым шегу орындары мен көлік тұрақтарын толығымен өңдеп шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы