411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында санитарлық бекеттер ашылады

  • 213
  • UPD: 23:05, 21.03.2020

Коронавирустың таралуын тежеу үшін Алматы облысында сақтық шаралары барынша күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдеттегі зарарсыздандыру жұмыстарынан бөлек, өңірдегі күре жолдарда 18 санитарлық бақылау бекеті ашылады.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Санитарлық бақылау бекеттерінің көбі Алматы қаласымен іргелес жатқан Қарасай, Талғар, және Іле ауданында ашылады. Арнайы жасақталған мамандар күре жолдағы  әрбір көлікті сұйықтықпен залалсыздандырмақ.   Жолаушылардың денсаулығын тексеріп, сақтық шаралары туралы мол мағлұмат береді.  Оңтүстік өңірмен қатар облыс орталығында да осындай пункіттерді ашу жоспарланып отыр. 

Бауыржан Ысқақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Талдықорған таза қала болғаннан кейін қалаға кіретін жерде санитарлық пос орнатылады. Қалаға келе жатқандардың хал жағдайы сұралады. Температурасы тепловизормен тексеріледі. Егер солардың ішінде температурасы көтерілсе, қалаға кіргізбей алып кетеді. Бұл халық үшін жасалып жатқан шара.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

– Айта кетейік, бүгін Қарасай ауданында тұратын 1986 жылғы ер адамның  короновирусты жұқтырғаны белгілі болды. Ол 17 наурызда Сауд Арабиясынан Ыстамбұл арқылы Бішкекке ұшақпен ұшып келген екен. Екі ел арасындағы шекарадан жаяу өтіп, Алматыға, артынша Жамбыл облысына барған. Туыстарымен жүздескеннен кейін Қарасай ауданындағы өз үйіне келе жатқанда, денсаулығы нашарлапты. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген науқастың жағдай бірқалыпты дейді мамандар. Онымен қарым қатынаста болғандар оқшауланған. Жалпы қазіргі таңда облыстың аудан қалаларында қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Авторы: Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы