435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған адам карантинге жатқызылды – Әкімдік

  • 248
  • UPD: 23:49, 22.03.2020
Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған адам карантинге жатқызылды – Әкімдік

Ақтөбе облысында ешкімге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішев.

Жәпішевтің айтуынша, ақпарат таратқанда тек ресми мәліметке жүгінген жөн.

«Иә, індет жұқтырған бір адам анықталғаны рас. Бірақ өңірдегі барлық жағдай толық бақылауда. Науқас карантинде. Тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ. Қалған мәліметтерді ертең таңертеңгі брифингте хабарлаймыз», - деп жазды Ғани Өтепбайұлы Facebook парақшасында.

Айта кетейік, ертеңгі брифинг Ақтөбедегі уақыт бойынша сағат 09:00-де өтеді.

«Дүрбелеңге салып, жағдайды ушықтырмаңыздар. Жалған ақпарат таратқан адамдарға жаза қолданылатынын ұмытпайық», - деп ескертеді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 59 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 24, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы