428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық волонтерлeр мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

  • 436
Ақмолалық волонтерлeр мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

Ақмола облысының волонтерлері аймақтағы мұқтаж жандарға жан-жақты көмектесіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар, әсіресе жалғызбасты қариялардың қажетін өтеуге мықтап ден қойған. Оларға азық-түлік жеткізумен қатар, дәрі-дәрмектерін де апарып береді. Мәселен, Көкшетаудың ерікті жастары соңғы күндері осы мақсатта 40 шақты отбасын аралаған. Ал ауылды жерлерде жастар қариялар немесе мүмкіндігі шектеулі жандар ғана тұратын үйлердің аулаларын ақ ұлпадан тазартып, олардың қажетіне жарауда. Дәл осындай жұмыстар қазір аймақтың барлық аудан-ауылдарында жүргізіліп жатыр. Жалпы Ақмола облысында 2 мыңнан астам волонтер бар.

Анаргүл Белгібаева, облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

- Бұлардан бөлек, біздің волонтерлер жақында сауда орындарын аралап, қауіпті вирустан сақтану жолдары жазылған жадынамаларды таратып шықты. Ал кеше «Менің үйім – менің денсаулығым» атты челленджді бастадық. Оның мақсаты – тұрғындарды өздері тұратын көпқабатты үйдің кіреберісіне санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге шақыру.

Хабар 24 телеарнасы