427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қариялардың зейнетақысы үйіне апарып беріледі

  • 399
  • UPD: 21:17, 24.03.2020
Алматыда қариялардың зейнетақысы үйіне апарып беріледі

Алматы әкімдігі карантин мезгілінде 70 жастан асқан қариялардың зейнетақысын үйіне дейін жеткізіп беретін болды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазпошта» АҚ Алматы бөлімшесінің директоры Әлия Сүгірбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Оның айтуынша, 70 жастан асқандарға зейнетақы үйіне дейін жеткізіледі.

«Әкімдікпен біріге отырып зейнеткерлерге зейнетақысын үйіне дейін жеткізіп беру мәселесі қарастырылып жатыр. «Қазпошта» 80 жастан асқан зейнеткерлерге де қызмет көрсетеді. Біз оларға былайғы кезде де зейнетақысын жеткізіп беретінбіз. Енді біз 70 жастан асқан қарияларды да қосып жатырмыз. Біздің қызметкерлеріміз барлық қорғаныс құралдарымен жабдықталған», – деді ол. Одан бөлек «Қазпошта» әкімдіктің карантин мезгілінде қалалықтарды қолдау бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысатын болады.

«Алматы әкімдігі ұйымдастырған әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдау жобасы аясында «Қазпошта» азық түлік пакеттерін логистикалық серіктестердің бірі болмақ. Қазір бөлімшеде курьерлер мен 70 көлік дайын», – деді Әлия Сүгірбаева.

Хабар 24 телеарнасы