425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 89 адам карантинде жатыр

  • 459
  • UPD: 22:35, 25.03.2020

Коронавирус індетін жұқтырған 24 жастағы азамат Шымкент қаласында тіркелді. Ол 20 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке қалааралық автобуспен келген.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы қанағаттанарлық және онымен байланыста болғандар да оқшауландырылған. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшылығы мәлімдеді. Індетті жұқтырған азамат әуелі басы ауырып, ыстығы көтеріліп, жөтел пайда бола бастаған соң жергілікті емханаға жүгінген. Сосын науқастың диагнозын анықтаған ақ халаттылар науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызған. Шымкентте COVID-19 инфекциясымен күрес күшейтіледі. Қауіпті дертпен күресуге дәрігерлер дайын дейді қалалық денсаулық сақтау саласына жауаптылар. Ал қазір қалада жалпы 89 адам карантинде. Қазір жұқпалы аурулар ауруханасында 170 орын дайындалған. Провизорлық 680 төсек-орын карантинге жатқызылған науқастар үшін әзір. Ал шаһардағы барлық нысан мен қоғамдық көліктер, тіпті аялдамалар да санитарлық талапқа сай дизенфекцияланып жатыр. 

Әбдіманап Төлебаев, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

- Онымен байланысқан адамдардың барлығы толық анықталды қазір. Олардың барлығы оқшауланып, үйінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңға сол елді мекенге карантин жарияланады. Бұл дүрбелеңге салатын нәрсе емес. Бұл жағдайдың барлығы қала әкімдігі тарапынан және де министрлік тарапынан толық бақылауда. 

Темірхан Варзилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

- Науқаста жедел респираторлық вирустық инфекцияның белгілері анықталған. Қазіргі таңда оның жағдайы бірқалыпты. Қанағаттанарлық дәрежеде. Сондай-ақ науқастың отбасы мүшелері де ауруханаға жатқызылды. Себебі қатынаста болған. Олардың да жағдайы қанағаттанарлық дер едім. Жалпы оқшаулауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы