447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі зауыт мегаполистердегі блок-бекеттерге арнайы автомашиналар жібереді

  • 80
  • UPD: 20:32, 25.03.2020
Өскемендегі зауыт мегаполистердегі блок-бекеттерге арнайы автомашиналар жібереді

Нұр-Сұлтан және Алматы қаласындағы блок-бекеттер қызметін күшейту үшін өскемендік автозауыт та қол ұшын созбақ.

Кәсіпорын ол жерлерге 25 арнайы машина жібереді. Ол автокөліктер дәрігерлерді және өзге де қажетті заттарды тасымалдауға арналған. Мекеме басшылығы  тіпті көліктерді жүргізушілермен бірге аттандырмақ, осылайша олардың еңбекақысын да өздері төлеуді шешті.

Ерік Сағымбаев,  автокөлік құрастыру зауытының президенті:

- Елдің күші бірлікте ғана. Бүгінгідей қысылтаяң кезде қолдан келген көмегімізді аямауымыз керек. Біз осы төтенше жағдай жарияланған мерзім аяқталғанша автокөліліктерді жөндеудің, оларды жүргізушілермен және жанар-жағармаймен қамтудың барлық шығындарын өзіміз көтереміз.

Хабар 24 телеарнасы