411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында дала жұмыстары ерте басталды

  • 173
  • UPD: 11:55, 26.03.2020
Жамбыл облысында дала жұмыстары ерте басталды

Жамбыл облысында биыл көктемгі дала жұмыстары жылдағыдан бір аптаға ерте басталды.

Биыл өңірде 700 мың гектардан астам жерді игеріп, ауыл шаруашылығы дақылдарын себу көзделіп отыр. Бүгінге  дейін жергілікті диқандар оның жартысына көбін өңдеп, 73 мың гектар алқапқа масақты дәнді дақылдарды сеуіп тастады. Биыл ауылшаруашылығы техникасының базасын 10 процентке жаңарту жоспарда. Қазір алқаптарда 8 мың агромашина жұмыс істеп жатыр. Айта кету керек, биыл ауа райының ерекшелігіне байланысты мамандар тыңайтқыштарды көбірек пайдалануға кеңес беріп отыр. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін арзан тыңайтқышпен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражатқа  2 мың тонна минералды тыңайтқыш алынбақ.

Ерлан Құлкеев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Мемлекет тарапынан көктемгі дала жұмыстарының дер кезінде жүргізу үшін кепілдендірілген 18 мың 300 тонна дизель отыны қарастырылған. 2,5 мың тоннадан астам дизель отынына операторлар қаражат төлеп мұнай зауытынан алып келу жұмыстары жүріп жатыр. Нарықтық бағадан 10-15 процент төмен. Операторлар шаруашылықтарға 175 теңге мен 177 теңгенің аралығында беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы