428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 35 блок бекет қойылды

  • 552
  • UPD: 13:13, 26.03.2020
Түркістан облысында 35 блок бекет қойылды

Коронавирустың алдын алу мақсатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кешенді қауіпсіздік шараларын қабылдады.

Солардың бірі ретінде 18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарындағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде COVID-2019 дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок бекеттер қойылды. Бұл бекеттерде полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізуде.

Аталған блок-бекеттердің жүйелі жұмысы нәтижесінде Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытындағы kz 646 FNB 13 регион нөмірлі автобустағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 56 адамның нақты дерегі анықталып отыр. Көліктегі жолаушылар туралы толық ақпаратты Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Шақпақ бекетінің қызметкерлері 20 наурыз күні жазып алған. Қазіргі кезде аталған азаматтар оқшаулануға алынды. Алдағы уақытта облыс тұрғындарын сақтық шараларын күшейтіп, салғырттық танытпауға шақырамыз.

Жалпы, наурыз айының 18 жұлдызынан бастап сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок бекет қойылған еді. Оның ішінде 31-і елді мекендерде, ал 4-і теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Аталған бекеттерде бүгінде 37 медициналық, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда блок бекеттердегі полиция мен медицина қызметкерлері жұмыс күшейтілген режимге көшкен. Қауіпті індетке қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғының көмегімен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр.

Ақпарат көзі: turkistan.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы