426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада санитарлық тәртіп күшейтілді

  • 368
  • UPD: 22:32, 26.03.2020

Елордада санитарлық тәртіп күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирустың таралуын теждеу мақсатында қала көшелері мен әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары қайта-қайта дезинфекцияланып жатыр. Жуумен айналысатын адам саны мен техника да барынша көбейді. Дезинфекциялануы тиіс орындар еліміздің Бас санитар дәрігерінің бұйрығымен бекітілген. Мамандардың айтуынша, зарарсыздандыруға қажетті сұйықтық қоры жеткілікті.

Төтенше жағдайға байланысты базарда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істеп тұр. Ондағы сатушылардың карантин талаптарын сақтауы қатаң қадағаланады. Зат алуға келетін жұрттың қарасы да сирек. Тауар тапшылығы байқалмайды.

Блиц 1:

- Күніге сол маскамен, қолғаппен, антисептик қолданамыз үш төрт рет. Күнделікті дезинфекция жақсы жүреді бізде. Алушылар аздау кішкене. Тауар жеткізіліп жатыр.

Блиц 2:

Қазір сауда тоқтап тұр. Бірақ таңғы 10:00 мен кешкі 4-5-ке дейін жұмыс істейміз. Қолғап, бетперде кию міндетті. Антисептиктер де бар. Сөредегі затымыз таусылған жоқ, сондықтан әлі затқа тапсырыс берген жоқпыз.

 

Хабар 24 телеарнасы