432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да екі блокпост жұмыс істеп тұр

  • 127
  • UPD: 22:51, 26.03.2020
ШҚО-да екі блокпост жұмыс істеп тұр

Шығыс Қазақстанда коронавирус індетінің өңірге тарап кету қаупінің алдын алу мақсатында орнатылған екі блокпост жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Алматы және Павлодар облысымен шектесетін жолдарда қойылған. Барлық автокөлік пен қоғамдық көлік жолаушылары тексерілуде. Бүгінгі күнге дейін 4292 көлік тексерілген. Індетпен күреске сақадай сай болу үшін Өскемен және Семей шаһарларында шартты түрдегі блокпостар қойылып, оқу-жаттығу өтті. Негізгі мақсат – вирустық инфекциямен бетпе-бет келген жағдайда жұмылдырылатын барлық жауапты сала мамандарының біліктілігін пысықтау. Әскерилер мен полиция және медицина қызметкерлерінің дайындығын байқау. Қажетті құрал-жабдық пен техника әзірлігін көру. Айта кету керек, аймақта әзірге CoVid-19 инфекциясы тіркелген жоқ.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- Бірақ та біз әртүрлі жағдайға қазір дайын болу керекпіз. Бүгін карантин облысымызда жоқ, бірақ та тағы да айтайын, жігіттер, әртүрлі жағдайға біз дайын болу керекпіз. Сол себепті бүгінгі жаттығу.

 

Хабар 24 телеарнасы