399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиялық кәсіпкер Қазақстанға медициналық құрал-жабдықтар жолдады

  • 614
Түркиялық кәсіпкер Қазақстанға медициналық құрал-жабдықтар жолдады

Түркиялық кәсіпкер Хусейин Арслан қазақ еліне медициналық құрал-жабдықтар жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізінен ресми мекемелерде қолданылатын жабдықтар, 1000 дана бетперде, медициналық қолғап, комбинезон, вакуумдық көзілдірік және 100 дана қызу өлшегіш сынды маңызды заттардан құралған. Аталмыш жабдықтар еліміздің денсаулық сақтау саласы мен арнайы мекемелерде қолданылатын болады. Жиыны жарты тонналық жүк тиелген ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонды. Қиын күнде қол ұшын созған түрік бауырларымыздың аталмыш көмегі еліміздің коронавируспен күресіне тың серпін береді. Айта кеткен жөн, аталмыш бауырластық көмек ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Air Astana әуе компаниясының қолдауымен Анкарадан жөнелтілді.

Хусейин Арслан, түрік кәсіпкері:

- Қазақстан – біздің атажұртымыз. Тіліміз, дініміз, қанымыз бір бауырлас халықпыз. Қысыл таяңда қол ұшын созу ЭДэА холдингі ретінде борышымыз деп білеміз. Мүмкіндігі бар азаматтарды, оның ішінде іскер адамдарды осындай қолдау көрсетуге шақырамын. Туыстың туыстығы, ағайынның ағайындығы қиын күнде білінеді.

Хабар 24 телеарнасы