414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жол құрылысына мамандар жетіспей жатыр

  • 439
  • UPD: 08:29, 30.03.2020
ШҚО-да жол құрылысына мамандар жетіспей жатыр

Кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан облысында бірнеше күре жол күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Омбы-Майқапшағай, Алматы-Өскемен сияқты халықаралық, республикалық маңызы бар тас жолдарды айтпағанның өзінде жергілікті маңызы бар нысандарға қомақты қаражат бөлініп, қайта жаңғыртылуда. Алайда маман тапшылығы түйткілге айналып отыр. Өңірде осы салаға 100-ден астам білікті инженер, жүргізуші, экскаваторшы, тракторшы жетіспейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мектеп түлектері мен колледж, оқу орны студенттері арасында жұмысқа шақыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тіпті, кейбір мекемелер оқу ақысын өздері төлеуге дайын. Мемлекет тарапынан бұл мамандықтарға бөлінетін грант көлемі де артып келе жатқаны қуантады.

Еркін Даумов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РММ ШҚО филиалының инженері:

– Бұл жол саласында тек қана жол салу емес, көптеген мамандықтар кіреді. Соның барлығына 9500 грант бөлінген. Яғни, грант деген тегін оқу және стипендия қарастырылған. Әрине, мұның өз жақсылықтары бар. Тек қана оқу оқып қана емес, ары қарай өз білімін арттыру қарастырылған. Осыны біздің өзіміздің жастарға, болашақ студенттерге түсіндіру мақсат. Неғұрлым маман білікті болса, жолымыз да сапалы болады. Біздің мақсат – сапалы жол салу.

Хабар 24 телеарнасы