423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында қонақ үй уақытша аурухана болады

  • 357
  • UPD: 15:28, 30.03.2020
Ақмола облысында қонақ үй уақытша аурухана болады

Ақмола облысында белгілі кәсіпкер, өзіне тиесілі қонақүйді аурухана ретінде уақытша пайдалануға беретін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жомарт азамат Зерендідегі табиғат аясында орналасқан курорт-отель ғимаратын яғни, 100 орындық нысанды аты жаман вируспен күресуге ұсынып отыр. Меценаттың айтуынша, отбасының қалауы осы. Олардың мұндай ұсынысын жергілікті билік те жылы қабылдаған. Қазір ғимаратты жабдықтау және медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету жағы қарастырылып жатыр дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Ал нысан Зеренді аудандық ауруханасының қарамағына кіретін болады.

Хабар 24 телеарнасы