414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 1500-ге жуық дәрігерге сыйақы берілді

  • 198
  • UPD: 23:35, 31.03.2020
Қарағанды облысында 1500-ге жуық дәрігерге сыйақы берілді

Қарағанды облысының 1 500-ге жуық дәрігері бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оның 540-ы вахталық әдіспен карантин-госпитальдарда жұмыс істеп жатқандар. Қазір өңірде 13 адам ем қабылдауда, 600-ге жуығы карантинде. Айта кетейік, дәрігерлерге арналған арнайы қорғаныш киімдер мен бетперделер үздіксіз жеткізіліп жатыр. Алдағы уақытта 300 мың термометр және 20 мың респиратор сатып алынады.  Сондай-ақ қауіпті індетті дереу анықтауға мүмкіндік беретін экспресс-тестер де көп ұзамай жеткізілуі тиіс.

Ержан Нұрлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Облыстық бюджет қаражаты есебінен 100 мың экспресс-тест сатып алынды. Олар жақын арада біздің емханаларға жеткізіледі.  Тестілеу клиникалық себептер болған жағдайда  Қарағанды облысының тұрғындары үшін тегін жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы