399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада зарарсыздандыру жұмыстарына 500-ге тарта адам атсалысуда

  • 320
  • UPD: 17:22, 01.04.2020
Елордада зарарсыздандыру жұмыстарына 500-ге тарта адам атсалысуда

Елордада вирустық инфекцияға байланысты зарарсыздандыру шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған күнделікті 50-ден астам техника мен 500-ге тарта адам атсалысып жатыр. Көшелер мен тұрғын үйлерді, балалар аулаларын зарарсыздандыруға 165 тонна дезинфекциялық ерітінді сатып алынды. Оның жартысына жуығы Қорғаныс министрлігінің әскерилері. Бас қаладағы санитарлық тазалыққа жауапты мекемелер де аянып қалып жатқан жоқ. Дезинфекциялау жұмыстары екі ауысымда: күндіз де, түнде де жүргізіледі. Ол жайында тұрғындарға алдын ала хабарланады. «Сондықтан оған халықтың түсіністікпен қарағанын сұраймыз», - деді баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Хабар 24 телеарнасы