423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқашта 90 пәтерлі үй салынып жатыр

  • 323
  • UPD: 10:30, 06.04.2020

Қарағанды облысының Балқаш қаласында екі бірдей көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірі аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін 90 отбасы қоныс тойын тойламақ. Олар кімдер?

90 пәтерлік бұл екі үйді салуға қазынадан 800 миллион теңге қаржы бөлінген. Құрылыс материалдарының барлығы қазақстандық өнім болғанымен, ешбірі Балқашта өндірілмейді. Өзге өңірлерден тасымалданады. «Ал кейін бұл үйдің бағасына әсер етуі әбден мүмкін», - дейді құрылыс басындағылар.

Марат Түсіпбеков, құрылыс бригадирі:

Негізгі кірпіштеріміз Екібастұздағы зауыттан әкелініп жатыр. Екіншісі Көкшетау зауытынан әкелінді. Қалған материалдар, плита сияқты материалдарымыздың барлығы Қарағанды зауыттарынан әкелініп жатыр. Балқашта өндіретін зауыттар болмағандықтан, 99%-і тасымалмен әкелініп жатыр.

Балқашта соңғы 10 жылда көпқабатты 8 үй салынған. «Сондықтан құрылыс материалдарына үнемі сұраныс бар», - дейді мамандар. Қазір мұнда құрғақ қоспа шығаратын алғашқы кәсіпорын іске қосылды. Плита құятын тағы бір зауыт салынып жатыр.

Әділ Оспанов, кәсіпорын технологы:

- Негізгі бағытымыз жергілікті құрылыс фирмаларын, сол кісілерді қамтамасыз ету. Сырттан тасымасын деп, өзіміз Балқаштан шығарсақ деген әу баста ой болды. Енді соны жүзеге асырып жатырмыз. Жаңадан қазір өнім қосып жатырмыз. Басында 4 түрлі өнім шығарсақ, қазір 9 түрін шығаратын болып жатырмыз.

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, биыл жазда мұнда 90 пәтерлі тағы екі үйдің құрылысы басталады. Баспана бірінші кезекте дәрігерлерге берілмек. Айта кету керек, қазір Балқаш қаласында 1400 отбасы үй кезегінде тұр.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы