410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында ТЖ режимін бұзған 108 жағдай тіркелді

  • 142
  • UPD: 21:00, 07.04.2020
Атырау облысында ТЖ режимін бұзған 108 жағдай тіркелді

Өткен екі аптада Атырау өңірінде төтенше жағдай режимін бұзған 108 дерек тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда да блок-бекеттерді айналып өтуге тырысатындар көп. Кейінгі 5 күнде 10 көлік жүргізушісі ұсталды. Сосын жұмысын тоқтатпаған монша иесі 5 тәулікке қамалды. Бұл ғана емес. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясы, фотосалондар мен ойын клубтарын тексеру барысында да 6 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Бұл ешқандай да ойын емес. Осы уақытта полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген жүйеде қызмет атқаруда. Қала мен облыста карантин режимін бұзудың кез келген әрекеті әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

Хабар 24 телеарнасы