412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысына қарасты ауылдарда сақтық шаралары күшейтілді

  • 201
  • UPD: 08:28, 08.04.2020

Карантиндік шаралар ауылдық аймақтарда да кеңінен қолға алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іске жеке кәсіпкерлер де өз үлесін қосып отыр. Бірі тұрғындарға маска тігіп таратса, енді бірі азық-түлік жағынан қолдау көрсетуде. Май ауданының орталығы Көктөбе ауылындағы Мәдениет үйінде тігін  цехы пайда болды. Ал Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасына блок–бекет қойылса, аудандық аурухана жанынан оқшаулау  бөлімшесі ашылған.

Мәнзилә Солтаналина, жеке кәсіпкер. Мектепте технология пәнінен сабақ берген ол зейнетке шыққанда  шағын бизнес  ашыпты. Жерлестеріне перде, тапсырыс бойынша киім тіккен екен. Еліміздегі жағдайға байланысты негізгі жұмысын уақытша тоқтата тұруды жөн көрген. 

Мәнзилә Солтаналина, жеке кәсіпкер:

– Осындай міне, пандемияға байланысты акция жарияланды «Біз біргеміз» деген. Сол акцияға бір жағынан көмек ретінде біздің мына халқымыз аман болсын дегендей біз міне,  қыздармен келісіп көмек жасап жатырмыз. Тегін тігеміз.

Маска тігетін матамен  аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қамтамасыз етеді. Мұндай жұмысты Мәдениет үйінің қызметкерлері де қолға алған.  Зарема Шомид  кітапхананың тұрақты оқырманы. Туған ауылына  өндірістік тәжірибеден өтуге келіпті. Жас қыз бүгінгідей күрделі  кезеңде  халықтың денсаулығын сақтауға үлес қоссам дейді.   

Зарема  Шомид, 4 курс студенті:

– Қашықтан оқу жүріп  жатыр және үйде бос отырмай мен осы медициналық маскаларды тігуге атсалысамын.  Бір көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Бүгінде көп рет қолдануға арналған 3 мың маска дәріханаларға тапсырылған. Ал аудандық аурухана жанынан карантиндік бөлімше ашылды. Науқас тіркелген  жағдайда медициналық көмек көрсетуге  дайын тұр.

Байболат Қазбеков, аудандық аурухананың бас дәрігері:

– Бізде қазір ауруларымыз жоқ. Бірақ Германиядан келген екі адам болды, сосын Ресейден келген екі адам болды. Оларды үйде, учаскелік дәрігерлеріміздің қарауында тұр. Екеуі карантиннен шықты, екеуі әлі қалды.

Бес орындық  карантидік бөлімшеде  дәрігерлер мен медбикелер екі ауысымда жұмыс істеді. Обаға қарсы киілетін  арнайы киімдер мен жеке бастың  тазалығына қажетті  заттар жеткілікті. Аудандық аурухана дәрігерлері Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысы арасындағы  карантиндік бекетте де жұмыс істеп жатыр. 

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы