411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары тоқтамайды

  • 151
  • UPD: 13:43, 10.04.2020
Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары тоқтамайды

Жамбыл облысында биыл көктемгі дала жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл өңірде 710 мың гектар жерді игеріп, егін егу жоспарда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 23 мың гектарға артық. Алайда өңірде жылда 170 миллион текше метр ылғал жетіспейді. Оның үстіне биыл түскен жауын-шашын мөлшері де мәз емес. Қазір аймақта бірінші кезекте төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет жоспары жасалып, науқандық шараларды тоқтатпауға күш салынып жатыр. Жылдағы өнім көлемін төмендетпеу үшін тыңайтқыштарды мол пайдалану көзделіп отыр. Бұл бағытта шаруаларға тыңайтқыштарды арзандатылған бағамен жеткізіп, субсидиялау үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ биыл Аспара гидроторабы жөндеуден өткізіліп, қосымша сумен қамту трактісі іске қосылды. Осының арқасында 1,5 мың гектар суармалы жер айналымға еніп отыр.

Ерлан Құлкеев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Аспара гидроторабында жалпы 3 мың гектардан астам алқаптарда 98 ауылшаруашылық тауар өндірушілер жоғары реантабельді дақылдарды себетіндей мүмкіншілігі болады. Ал енді осы аспара мен әрі қарай БЧК каналына қосымша су келгенде, 290 шаруашылықтың балансында тұрған жерлерді толығымен жоғары реантабельді дақылдар егуге мүмкіншілік болады. Яғни қазіргі кезде сол 10 мың гектардың 7 мың гектары қолданылып отырса, жөндегеннің арқасында түгелдей 10 мың гектар сумен қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы