427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда бірнеше көп қабатты үй карантинге жабылды

  • 431
  • UPD: 22:00, 10.04.2020
Павлодарда бірнеше көп қабатты үй карантинге жабылды

Павлодар қаласында бірнеше көп қабатты үй карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үйлердің тұрғындарында созылмалы ауруы бар немесе ауыл хәлдегі қарттар жоқ. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқшаулау кезінде тұрғындар азық-түлік пен дәрі-дәрмектен таршылық көрмейді. Әр үйдің жанында тәулік бойы жұмыс істейтін кезекшілік бекет бар. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көбін уақытша жарамсыздық жөніндегі денсаулық парағын алу мәселесі алаңдатуда. Бұл жұмыспен айналысатын мамандар бекітілді. 200-дей тұрғынның 30%-і 18 жасқа дейінгі балалар, 20%-і 60-тан асқан қариялар. Қалғаны еңбекке жарамды. 14 күнге жабылған бұл үйлерде коронавирус жұқтырғандар тұрған. 1938 жылы туған азамат көз жұмса, 39 жастағы тұрғын ауруханада. Кешкісін тағы бір үй жабылды. Мұнда қайтыс болған науқасқа келген дәрігер тұрған. Ертең кешенді дезинфекциялау жүргізіледі.

Светлана Гладышева, қала әкімінің орынбасары:

- Арнайы топ құрылды. Бұл топтың құрамында осы үйлердің тұрғындары, Павлодар қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары мен жауапты дәрігерлер, сонымен қатар, кезекшілер бар. Карантиндегі азаматтардан түскен сауалдарға шұғыл жауап беруге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы