420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанға БАӘ-ден жеткізілген қандастарымыздан қауіпті вирус анықталған жоқ

  • 343
  • UPD: 17:20, 12.04.2020
Талдықорғанға БАӘ-ден жеткізілген қандастарымыздан қауіпті вирус анықталған жоқ

Талдықорған әуежайына кеше түнде Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келген 135 қазақстандық азаматтан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық жолаушының анализі COVID-19-ға байланысты теріс нәтиже көрсетті. Енді олар бірнеше күннен соң үйлеріне қайтарылады. Алматы облыстық әкімдігіндегілер жаңа ғана осындай мәлімдеме жасады. Еске сала кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істеп, немесе түрлі себептермен сол елде қалып қойған 135 қандасымыз түнде Шарджа -Талдықорған бағытындағы әуе рейсімен Жетісу төрі – Талдықорған жеріне табан тіреген еді. Санитарлық дәрігерлердің тыңғылықты тексеруінен өтіп, коронавирус инфекциясына анализ тапсырғаннан кейін бірден арнайы автобустармен карантин нысандарына жеткізілді. 45 адам облыс орталығындағы қонақ үйлердің біріне орналасса, қалған 90 жолаушы қазір «Текелі» шипажайында жатыр.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

 – Қазір 135 жолаушының анализ қорытындылары шықты. Олардың ешқайсынан коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Карантиндік уақыт біткеннен кейін олар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғылықты жерлеріне жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы