429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ордабасылық 2661 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

  • 559
  • UPD: 08:24, 13.04.2020

Түркістан облысының Ордабасы ауданында 2661 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы жылдың 1-тоқсанында 656 жанұя жәрдемақы алған. Олардың арасында өз кәсібін ашып, бизнеске қадам басқандары да бар.

23 жасар Сайра Елемес – үш баланың анасы. Бұрын бала тәрбиесімен үйде отырған. Жолдасы – электрик. Бірақ айлығы шайлығынан артылмапты. Сондықтан өткен жылы өзі де жұмыссыз ретінде тіркеліп, атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген. Ай сайынғы жәрдемақысын жинаған келіншек гүл дүкенін ашуды ұйғарыпты. Себебі гүл өсіріп, баптауды бала күнінен ұнататынын айтады. Сондай-ақ өзі де қолдан гүл жасайды.

Сайра Елемес, Темірлан ауылының тұрғыны:

– Қазір көбінесе үйде өсіретін гүлдерім өтіп жатыр. Сосын қолдан жасаған гүлдерім тапсырыспен кетеді. Өзім үйде қолдан гүл жасаймын. Формаларының өзім кесіп, келтіріп отырамын. Жолдасым ішіндегі жарықтарын жүргізіп береді. Шам тәрізді гүлдерге тапсырыс интернет арқылы келеді. Ал тірі гүлдерді осы дүкеннен сатып алады.

Биыл Ордабасы ауданында 2661 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бүгінге дейін 656 отбасыға 57 млн теңге көлемінде көмек берілген. Сонымен қатар биылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріліп жатыр. Мәселен, өткен жылы ауданда 5 мыңнан аса отбасы көмек алып, өз кәсібін ашқан.

Қарлыға Әбітаева, ордабасы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

– Мұның ішінде шаштараз, асхананы игеру, пластик терезе шығару, мал шаруашылығымен жұмыс істеп жатқандар бізде өте көп. Ірі қара мал асырау, етін өндіру. 2019 жылы қайтарымсыз грант беріле бастады. Оның ішінде біздің ауданда 372 азамат алды. Қазір олар да өз кәсіптерін ашып, дөңгелетіп отыр.

505 мың теңге көлеміндегі бір реттік қайтарымсыз грант 29 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі. Сондай-ақ оған көпбалалы аналар мен жұмысқа қабілетті мүгедектер де ие бола алады. Биыл ауданда мүндай мүмкіндікке 100-ден аса азамат қол жеткізеді деп күтілуде.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы