425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында аса ірі мөлшерде қара уылдырық пен бекіре тәркіленді

  • 316
  • UPD: 18:45, 16.04.2020
Атырау облысында аса ірі мөлшерде қара уылдырық пен бекіре тәркіленді

Атырау облысында «Бекіре-2020» балық қорғау шарасы кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері аса ірі мөлшерде қара уылдырық, бекіре балықтарын тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті тергеу-жедел тобы мен прокуратура қызметкерлері қала тұрғынының мекенжайынан және көлігінен аса ірі мөлшерде бекіре балығының уылдырығын, бекіре балықтарын, навигациялық құралдарды, спутниктік телефон және ақша тауып тәркіледі. Сондай-ақ Полиция департаменті қызметкерлері бекіре балықтарын сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Кезекті рейд кезінде жеке үйдің ауласын тексерген полицейлер салмағы 190 келіні құрайтын 63 дана бекіре балығын тәркіледі. Ұсталған күдіктілер қалалық полиция басқармасының  уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынды.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Ұсталғандар уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Осы деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабы «Жануарлардың сирек кездесетін, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен олардың бөліктермен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Хабар 24 телеарнасы