418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында қауіпті вирус жұқтырған тағы 4 адам анықталды

  • 281
  • UPD: 13:42, 17.04.2020
Түркістан облысында қауіпті вирус жұқтырған тағы 4 адам анықталды

Бұл жолы 90 жылғы Түркістан қаласының тұрғынынан табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Жетісай ауданына барып келген. Сондай-ақ 1992 жылғы Қосбұлақ ауылы тұрғынының да вирус жұқтырғаны белгілі болды. Одан бөлек, 1981 және 2007 жылғы Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің тұрғындарынан да COVID-19 инфекциясы анықталды. Аталған азаматтар ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. «Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем алуда», – дейді жауапты сала мамандары. Қазір аталған азаматтармен байланыста болғандар анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 53-ке жетті. Бір адам қайтыс болды.

 

Хабар 24 телеарнасы