421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемен жастары «Ізгілік елшісі» атты жоба ұйымдастырды  

  • 401
  • UPD: 15:46, 17.04.2020
Өскемен жастары «Ізгілік елшісі» атты жоба ұйымдастырды  

«Ізгілік елшісі».  Өскемендік жастар осындай жоба ұйымдастырып, төтенше жағдай режімінде қызметтерін тоқтатпаған коммуналдық сала мамандарына қамқорлық көрсетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мәселен, қалада жол жөндеушілердің қарбалас жұмысы қазірден басталып кеткен. Күн-түн демей көшеде жүрген жұмысшыларға жастар антисептиктер мен бетперделерді тегін таратып шықты. Ол қорғаныш заттарының барлығы да жергілікті жоғары оқу орындары базасында өндірілген. Жалпы шаһарда осы жазда 12 шақырымнан астам көше орташа жөндеуден өтетін болса, 43 мың шаршы метр аумақты қамтитын шұңқырларды бітеу жоспарлануда. Сондықтан осы межені уақтылы әрі сапалы орындап шығу, жол үстіндегі қарапайым жұмысшылардың арқасында жүзеге асырылады. «Ендеше осындай еңбек иелерінің қауіпсіздігін де ұмыт қалдырмауымыз керек», – дейді белсенділер.

Маржан Бақыт, «Ізгілік елшісі» жобасының жетекшісі:

– Бұл – қазіргі жағдайда  алғашқы қорғаныс құралы. Сондықтан «Ізгілік елшісі»  жобасының негізгі мақсаты, қайырымдылыққа, мейрімділікке тәрбиелеу және шақыру. Осы сәтті пайдаланып барлық азаматты осындай ізгі іс жасауға шақырамын,біздің қатарымызға қосылса деймін.

 

Хабар 24 телеарнасы