419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда көлік жөндеу орталықтары жұмысына кірісті

  • 292
  • UPD: 15:41, 20.04.2020
Нұр-Сұлтанда көлік жөндеу орталықтары жұмысына кірісті

Енді елордалықтар темір тұлпарын тиісті жөндеуден өткізе алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгіннен бастап қызметін қайта жандандырған көлік жөндеу орталықтары жұмысын қайта бастады. Көліктің майын, дөңгелегін ауыстыруға асыққан тұрғындар қызмет көрсету орталықтарына ағылып жатыр. Осылайша, карантиннің жалғасуына қарамастан шағын бизнес нысандары біртіндеп іске қосыла бастады.

Бауыржан Серікбаев, көлік механигі:

– Бірінші күн шығып жатырмыз. Мемлекеттен көмек алдық 42 мың. Не дейміз, бізге жақсы болды. Өйткені осы жердегі  7-8 адам бала-шағасын асырауы керек.

Әсемзат Туысбаева, қала тұрғыны:

– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, көлігімнің шиналарын ауыстыруға келдім. Себебі осы көлікпен жұмысқа қатынап жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы