426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда карантин басталғалы қоқыс көлемі 20% артқан

  • 325
  • UPD: 22:15, 21.04.2020

Карантин кезінде қоқыс та көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырауда қаладан шығатын тұрмыстық қалдықтың көлемі шамамен 20% артқан. Бұған дейін қоқыс атаулы арнайы кесте бойынша шығарылып келсе, енді жәшіктерді күніне 3-4 төрт мәрте тазартуға мәжбүрміз, дейді мамандар. 

Бүгінде қала бойныша тәулігіне 1 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылады.  Сондықтан барлық күш қала тазалығына жұмылдырылған. Оны тазалықшылар: –тұрғындар үнемі үйде отырғандықтан қалдық та көбейді – деп түсіндіреді. Қала тазалығына жауапты «Аранулы автобаза» мекемесі бүгінде облыс орталығы мен селолық округтерді тазалау үшін екі ауысымдық жұмыс жүйесіне көшкен.

Азамат Ізтелеуов, коммуналдық мекеменің директоры:

– Күніне 250 тонна шығып отырса, қазірдің өзінде ол 300 тоннаға таяп қалды. 122 техникамыз бар. Олар күніне екі-үш рет керек болса, төрт рет шығып жұмыстарын атқарып жатыр. Күнделікті жұмысты аяғынан дейін бітіріп жатырмыз. Әзірге үлгеріп жатырмыз. 

Коммуналдық мекеме қызметшілері негізгі жұмыстарынан өзге қоқыс алаңдарын зарарсыздандыру жұмысын да атқарады. Себебі түрлі қалдықтар жиналған орын қашан да жұқпалы аурулардың ошағы. Бүгінде қала бойынша 760 қоқыс алаңы бар. Бұдан өзге автобус алаңдарының да тазалығы мен қауіпсіздігі осы мекеменің мойнында. Осыған орай арнаулы химиялық ертінімен жабдықталған 16 адамнан тұратын 2 бригада дезинфекция жұмыстарын жүргізеді.   

Азамат Кәрімов, мекеменің бөлім басшысы:

– Күннің жылынуына байланысты, жұмыс өте көбейді. Таңғы 7 де шығамыз. Карантин уақытында халық үйінде ғой, сол себепті тұрмыстық қалдықтар көп шығып жатыр. Екіншіден, біздің «Камаздарымыз» құрылыс қалдықтарын да тазалап жатыр

Карантин уақытында қалыптасқан жағдайға байланысты тазалықшылар қосымша күштерді  жұмылдырылуда.  Оларға көмекке мұнай өңдеу зауыты мен жеке меншік мекеменің арнайы техникасы көмекке келді. Басты мақсат – қаланы таза ұстап, жұқпалы микробтардың таралуына жол бермеу. 

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

 

 

Хабар 24 телеарнасы