425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шамалғандағы жол өтпесінің жобалау жұмыстары аяқталуға жақын

  • 284
  • UPD: 18:14, 23.04.2020
Шамалғандағы жол өтпесінің жобалау жұмыстары аяқталуға жақын

Шамалған станциясындағы жол өтпесінің жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов хабарлады.

«Шамалған станциясында жол өтпесінің ұзындығы 6 шақырымды құрайтын құрылыс учаскесі әр бағытта 2 жолақтан 4 жолақты қозғалысқа лайықталған 1-санаттағы жол ретінде жобаланған. Темір жол қиылысу орнында ұзындығы 340 метр болатын эстакада жобасы әзірленді. Бұл жол қозғалысы қатысушыларына автомобиль жолының аталған учаскесін еш кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді», - деді комитет басшысы.

Айтуынша, қазіргі таңда жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын.

«Мердігер компания жол-құрылыс техникасы мен тиісті жабдықтарды жұмылдыруда. Инертті материалдар дайындалып жатыр. Эстакада бөлігіне іргетас салу жұмыстары басталып кетті»,- деді С.Бармақов.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 15 қыркүйек күні Шамалған станциясында пойыз рельсте тұрып қалған автобусты келіп соққан еді. Апаттан автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам зардап шекті.

Хабар 24 телеарнасы